Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді
- авторОймақ
- 29 тамыз, 2025
- 166

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді.
Аталған медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге, ел тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың конституциялық құқығын және еркіндігін қорғауға, конституционализм идеяларын, сондай-ақ қағидаттарын қалыптастыруға әрі дамытуға ерекше үлес қосқан тұлғалар наградталады.
Сонымен қатар мерейтойлық медаль жұмысшы мамандарға, бюджет саласы мен өндіріс ұйымдарының өкілдеріне және басқа да азаматтарға беріледі.
Бұл медальға ие болу азаматтардың адал еңбегі мен Отан, мемлекет және қоғам алдындағы ерекше қызметін танудың маңызын көрсетеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Жалға бергеннен түскен табысты жасыра алмайды
Ұқсас жаңалықтар
Педофилдерге химиялық кастрация жазасын қолдану тәртібі күшіне енді
- авторОймақ
- 17 қазан, 2025