жұма, 15 тамыз, 2025 11:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Рыбакина әлемнің 6-ракеткасын жеңіп, ширек финалға шықты

Рыбакина әлемнің 6-ракеткасын жеңіп, ширек финалға шықты
Фото: ҚТФ
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1 000 турнирінің ширек финалына өтті.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, америкалық теннисші соның үшеуінде жеңген еді.
Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Киз сәтті ойнады – 7:6 (7:3). 

Екіншісінде Рыбакина есе қайырды – 6:4. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы үстемдік танытты - 6:2.

Екі сағат 25 минутқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 6 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Киз 1 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті. 
Енді Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен таласады. Ол төртінші айналымда рейтингіде 42-орындағы испаниялық Джессика Бузас Манейроны жолдан тайдырды – 6:1, 7:5.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Президент кубогында Асылжан Арыстанбекованың ширек финалға өткенін жазған едік. 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар