сейсенбі, 5 тамыз, 2025 2:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тағы бір супержұлдыз: танымал әнші Шакира Қазақстанда өнер көрсетуі мүмкін

Тағы бір супержұлдыз: танымал әнші Шакира Қазақстанда өнер көрсетуі мүмкін
Фото: instagram.com/shakira
Дженнифер Лопестің Қазақстандағы концертін ұйымдастырушылар әлемдік эстрада жұлдызы Шакирамен де концерт өткізу туралы келіссөз жүргізіліп жатқанын айтты.

Қазақстандық Камиль Байрамовтың Instagram желісіндегі парақшасында Дженнифер Лопестің Астанадағы концертін ұйымдастырған қазақстандық продюсер Мәлік Хасеновпен сұқбат жарияланды. Әңгімелесу барысында Байрамов желі қолданушыларының өтінішін – тағы бір әлемдік супержұлдыз Шакираның елге концерттік сапары болса деген тілегін жеткізді.

"Мен сіздерге құпияның шетін ашайын. Біз онымен келіссөз жүргізіп жатырмыз, құдай қаласа, күзде аяқтаймыз", - деді Хасенов.

Айта кетейік, биыл сәуірде Мәдениет министрі Аида Балаева Лара Фабиан мен Шакираның концертіне барғысы келетінін айтқан болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар