
Тексеріс нәтижесінде бас бухгалтердің 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.
Бұл факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізді.
— Маңғыстау аудандық сотының 2025 жылғы 9 шілдедегі үкімімен колледждің бас есепшісі ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 10 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналасу құқығынан айырылды, — делінген ведомство хабарламасында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.