сәрсенбі, 30 шілде, 2025 12:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шетелдік хоккейші әйелі үшін өз тегінен бас тартып, Қазақстан азаматтығын алған

Шетелдік хоккейші әйелі үшін өз тегінен бас тартып, Қазақстан азаматтығын алған
фото: tengrisport.kz
Ол 2024/2025 маусымында "Арлан" сапында 39 ойын өткізіп, ел чемпионы атанды.

Көкшетаулық "Арлан" клубының ойыншысы, Беларусь елінен келген 27 жастағы қорғаушы Арсений Борисов Қазақстан азаматтығын алды. Ол бұл шешімді әйелі мен балалары үшін қабылдағанын айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Tengri Sport-қа сілтеме жасап

Жан жарым – қазақ, екі баламыз да осы жерде дүниеге келді. Бізге Қазақстанда қолайлы, болашағымызды осында құрғымыз келеді, – деді хоккейші.

Қазақстан азаматтығын алу үшін Арсений туған елі – Беларусьтің төлқұжатынан ресми түрде бас тартып, бұл шешімге өкінбейтінін жеткізді.

– Туған еліңіз мұндай шешіміңізді қалай қабылдайды деп қорықпадыңыз ба?

– Жоқ, – деп қысқа жауап берді ол.

Сонымен қатар ол Қазақстан құрамасынан шақырту түссе, қуана келісетінін де жасырмады. 

– Қай спортшы ұлттық құрамаға шақырту алғысы келмейді? – деді ол.

Жақында олар екінші рет сәбилі болды. Есімі – Артемий. Ерлі-зайыптының тағы бір қызы бар.

Арсений Борисов 2013-2021 жылдар аралығында Беларусь чемпионатында әртүрлі клубтарда ойнаған. Ол 2021 жылы Қазақстанға ауысып, алдымен "Арлан", кейін "Сарыарқа" (Қарағанды), "Хумо" (Ташкент) клубтарында ойнады. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар