Қоғам

Алматыдағы Арбатта масаң күйде жатқан жасөспірімнің видеосы тарады

Екі бала қалалық балалар ауруханасына жеткізілді (ішімдікпен улану белгілерімен), қалғандары медициналық тексеріске жіберілді.

Алматыда бірнеше жасөспірімнің масаң күйде жатқан видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлады Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазба авторының айтуынша, балалардың жағдайы нашар болған. Жанашыр әйел оларға су сатып алып беріп, жедел жәрдем шақырған.

Видеоға қатысты Алматы қаласының балалар омбудсмені Диана Ерлан пікір білдіріп, жасөспірімдердің полиция басқармасына жеткізілгенін хабарлады,

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, алкогольдік улану жағдайындағы бес жасөспірімге дер кезінде медициналық көмек көрсетілген.

Полиция кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен тәртібі үшін бірінші кезекте ата-аналар жауапты екенін ескертеді.