Пойызда босанып, нәрестесін лақтырып жіберген әйелге қатысты сот үкімі шықты
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қарағанды көлік прокуратурасы пойызда босанып, нәрестесін лақтырып жіберген әйелге қатысты сот тергеуін аяқтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
2025 жылдың 20 сәуірінде «Қарағанды-Сортировочная–Сарыбел» бағытындағы пойызда жолаушы әйел толғақ қысып, тиісті медициналық көмексіз вагонның санитарлық бөлмесінде босанған. Белгілі болғандай, психикалық ауытқуы бар әйел ауруы асқынған кезінде жаңа туған нәрестесін санитарлық шұңқырға тастап жіберген. Сәби теміржолға құлап, шетінеп кеткен.
Қарағанды облысының Осакаров аудандық соты әйелді қылмыстық іс-әрекет жасаған сәтінде есі дұрыс емес болған деп танып, оны арнайы медициналық мекемеде мәжбүрлеп емдеу туралы қаулы шығарды, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.