Мемлекет басшысы Бельгия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттің пікірінше, бұл айтулы күн Бельгия халқының ынтымақ-бірлігін, бай тарихын, егемендік пен демократия құндылықтарын берік ұстанатынын көрсетеді.
Мемлекет басшысы Король Филиптің қызметіне табыс, ал Бельгия халқына бақ-береке тіледі, – делінген арнайы ақпаратта.