сейсенбі, 22 шілде, 2025 4:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Төреғали Төреәлі Астанаға көшіп кетті

Төреғали Төреәлі Астанаға көшіп кетті
фото: скрин
Төреғали Төреәлі бұған дейін өнерден кететінін айтып, жанкүйерлерін бір алаңдатып қойған болатын.

Танымал қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі отбасымен бірге Алматыдан Астана қаласына көшіп кетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бұл жаңалықты әншінің қарындасы Фариза Төреәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол отбасымен бір қалада тұратынына қуанышын білдіріп:

Ағам мен жеңгем Астанаға көшті. Аллаға шүкір! Астана ұнап жатыр, орнығып үйренісіп жатыр. Енді бір қалада бәріміз, – деп жазды қарындасы.

Желіде жарияланған видеолардан Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы Дина Төреәлінің де Астанада серуендеп жүргенін байқауға болады.

Әншінің жанкүйерлері жаңа қонысына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі бұған дейін өнерден кететінін айтып, жанкүйерлерін бір алаңдатып қойған болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар