
«Сен маған массың», «Достарым менің золотой», «18-25 қайтып келмейді», “Махаббат жоқ, жоқ деме, жаным” сияқты соңғы жылдардағы танымал хит әндердің авторы Нұрзат Рахатов Англияға мерзімдік жұмысқа кеткен, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Композитордың шағын сұхбаты Tik-tok желісінде тарады.
Бұған дейін мектепте мұғалім болып жұмыс істедім. Айлық аз. Отбасымда жыл сайын сәби дүниеге келді. Сондықтан ақша табу керек болды. Қосымша жұмыстар қарадым. Сол кезде интернеттен кездейсоқ Англияға жұмысшылар жинап жатқанын көріп қалдым. Былтыр мамыр айында алғаш рет бардым, - дейді Нұрзат.
Ол Англияда ешкім танымайтынын, өнер адам екенін байқамайтынын айтты.
Жақынырақ танысып, әлеуметтік желідегі парақшаларыма жазылған кезде ғана сұрап жатады. Ал былай ешкім білмейді. Бос кезімде ән жазамын. Тіпті, кейде шаршап тұрғаныма да қарамаймын, - дейді сазгер.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.