Астанада кран құлап, жұмысшы көз жұмды
Астанада құрылыс алаңында мерт болған жұмысшы өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
– 18 шілдеде сағат 20:00 шамасында құрылыс алаңында кран құлады. Кран ішінде болған ер адам алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Құрылыс жұмысын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген ресми хабарламада.
Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.