Науқастың шабуылынан кейін реанимацияға түскен дәрігер санавиациямен Астанаға жеткізілді
- авторОймақ
- 19 шілде, 2025
- 48

Урология бөлімшесінің хирургі Антон Кистанов реанимацияға келесі диагноздармен емдеуге жатқызылды: мидың ауыр дәрежедегі соғылуы, миға жіті қан құйылу, бас сүйегінің жабық сынуы.
Мамандардың консилиумының қорытындысы бойынша зардап шегушіні Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына тасымалдау туралы шешім қабылданды, онда ол одан әрі мамандандырылған ем алады.
"Медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық жағдайларының жиілеуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ургенттік стационарлардың, балалар және перинаталдық орталықтардың қабылдау бөлмелерінде тәулік бойы полиция прсттарын тездетіп қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады", – деп хабарлады бүгін әлеуметтік желіде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Ол қыркүйек айында Парламентке медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылдар үшін жауапкершілікті күшейту туралы заңнамалық өзгерістер енгізілетінін еске салды.
Жұмыс орындарында дәрігерлердің қауіпсіздігін күшейту үшін медициналық мекемелерді бейнебақылаумен, күзетпен, дабыл түймелерімен, жедел жәрдем бригадаларын – бейнежетондармен жарақтандыру жоспарлануда.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Астанада кран құлап, жұмысшы көз жұмды
Ұқсас жаңалықтар
Қытай полициясы пранк түсірген қазақстандық блогерге қатысты тексеріс бастады
- авторОймақ
- 19 шілде, 2025