Руханият

Танымал актер Қайрат Кемалов өмірден озды

Ол тарихи тұлғаларды шынайы бейнелеудегі шеберлігімен танылған.

17 шілде күні танымал театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов 69 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қаралы хабарды Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жеткізді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Қайрат Кемалов бүкіл саналы ғұмырын театр өнеріне арнап, шығармашылық жолын Қарағанды қаласындағы сахнадан бастаған. Ол классикалық туындылардан бастап заманауи драмаларға дейін сан алуан рөлдерді сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Актер өзінің шеберлігімен, өнерге деген адалдығымен қазақ театр және кино саласының дамуына елеулі үлес қосты.

Қайрат Кемаловтың жарқын бейнесі әріптестерінің, шәкірттері мен көрермендерінің жүрегінде мәңгі сақталады, – деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Қайрат Кемалов халықаралық деңгейдегі түрлі марапаттарға ие болған. Ол тарихи тұлғаларды шынайы бейнелеудегі шеберлігімен танылған. Актерді көпшілік «Қазақ хандығы» тарихи телехикаясындағы Керей ханның рөлі арқылы жақсы біледі.