БҰҰ Израильдің Сирияға жасаған әуе шабуылын айыптады
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Израильдің Сириядағы Сувейда, Дараа қалалары мен астана Дамаскке жасаған соққыларын қатаң айыптады деп жазады Anadolu агенттігі жазды.
БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик күнделікті баспасөз мәслихатында Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты журналистер сұрақтарына жауап беріп, Гутерриштің жазбаша мәлімдемесін оқыды.
Ол Израиль армиясының Голан жоталарына қайта орналасқаны жөніндегі хабарламаларға сілтеме жасай отырып, БҰҰ басшысының бұл оқиғаларға жауап қайтарғанын айтты.
Сириядағы қақтығыстың 14 жылдан бері жалғасып келе жатқанын еске салған Дюжаррик Бас хатшының сириялықтарға шынайы көңіл айтып, елдегі зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға шақырғанын жеткізді.