Қоғам

Амантай қажыға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр

Әлеуметтік желіде елге танымал азаматтың әйел адамды баспалдақтан итеріп жібергені көрсетілген бейнежазба тарады

Алматы полициясы Амантай қажы Асылбекке қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде елге танымал азаматтың әйел адамды баспалдақтан итеріп жібергені көрсетілген бейнежазба тарады.

Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

- Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында, - деп мәлімдеді департаменттен.