Спорт

Әлем кубогы: бүгін шаршы алаңға кімдер шығады?

Астанада бокстан "Әлем кубогы" үшін жарыс өтіп жатыр.

4 шілдеде Астанада бокстан Әлем кубогы кезеңінің кезекті жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бүгін жекпе-жектер тек кешкі сессия аясында өтеді, ол сағат 19:00-де басталады. Қазақстан құрамасынан бүгін бес боксшы шаршы алаңға шығады.

65 келіге дейін, ширек финал:

Аида Әбікеева — Кан Сукен (Оңтүстік Корея)

80 келіден жоғары, жартылай финал

Елдана Тәліпова — Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)

65 келіге дейін, ширек финал

Ертуған Зейнуллинов — Уго Грау (Франция)

90 келіге дейін, ширек финал

Сағындық Тоғамбай — Эмра Яшар (Түркия)

51 келіге дейін, ширек финал

Алуа Балқыбекова — Юна Нишинака (Жапония)