бейсенбі, 3 шілде, 2025 12:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында рақымшылық жасалған алғашқы қазақстандық бостандыққа шықты

Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында рақымшылық жасалған алғашқы қазақстандық бостандыққа шықты
Фото: ҚР ІІМ ҚАЖК
Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында рақымшылық жасалған алғашқы қазақстандық бостандыққа шықты. Ол Қостандай облысында жазасын өтеп жатқан. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасаған.

Комиттетің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде шамамен 2000 адам жазасын өтеп жатыр.

Конституцияның 30 жылдығына орай 300 адам рақымшылыққа ілінген. Бүгін солардың алғашқысы болып ұрлық жасағаны үшін сотталған ер адам бостандыққа шыққан. Оны үйінде жары мен үш баласы күтіп отыр.

Айта кетейік, рақымшылық аясында бостандыққа шыққан жандарға жаңа өмірге бейімделуге, қоғамда өз орнын табуға, жұмысқа орналасуға, қажетті құжаттарды алуға және тағы да басқа көмек көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының ортасында сенат депутаттары Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заңды мақұлдаған еді.

Бұл заңның аясында 15,1 мың адамға рақымшылық жарияланды. Оның 4,1 мыңы қылмыстық жауапкершіліктен және жазасын өтеуден босатылады.

Сондай-ақ 11 мың сотталушының негізгі жаза мерзімі мен мөлшері қысқартылады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар