Қоғам

"Біз баршаға ашықпыз": Miss Qazaqstan байқауына трансгендерлер де қатыса алады

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Miss Qazaqstan байқауының директоры Айжан Рузаева қатысушыларға қойылатын талаптар мен жаңа ұстанымдар туралы айтып берді.

 

Оның айтуынша, байқауға 18 жастан асқан, бойы 165 сантиметрден жоғары барлық қыздар қатыса алады. Қатысу тегін – ешқандай жарна төлеу талап етілмейді, бұл талап аймақтық кезеңдерге де қатысты.

Plus size форматындағы қыздарға қатысты пікіріне де тоқталған ол:

Айжан Рузаева халықаралық сұлулық байқаулары бұрынғы 90-60-90 стандарттарынан әлдеқашан бас тартқанын, ал қазақстандық байқау да сол үрдісті ұстанатынын еске салды.

Сонымен қатар ол басты талаптардың бірі – қатысушының тұрмыс құрмаған және баласы болмауы керектігін нақтылады.

Бұл – республикалық деңгейдегі байқау. Біз халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуіміз керек. Ал отбасылы немесе балалы әйелдер өздерін басқа, арнайы байқауларда көрсетуіне болады, – деп қорытындылады Рузаева.