Руханият

Мадина Садуақасова клипке түскен жігітті 20 жылдан кейін кездестірді

Бұл әнші үшін үлкен тосынсый болды.

Қазақтың сүйікті әншісі Мадина Сәдуақасованың «Сүйген жүрек»  әнін халық көпке дейін ұмытпай жүрді. Оның клипін елдер сәтті шыққан деп, Мадинаның аппақ күшігі бертінге дейін ел аузынан түспегені белгілі. Арада бұл клипке 20 жыл өткен тосынсый болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.  сайтына сілтеме жасап. 

Клипке түскен жігіт 20 жылдан кейін әншімен кездесіп, оған тосынсый жасады. 

20 жылдан «Сүйген жүректің» клипына түскен жігітті бір шарада кездестірдім. 20 жыл бойы клиптегі күшік пен осы жігітті бәрі сұрап келді. Шалқар есімді жігіт режиссер Рашид Сүлейменовтың группаласы. Отбасымен таныстым бүгін. Мен үшін өте жағымды тосынсый болды. Кім қатты өзгерді 20 жылда? – деп жазды әнші.