Саясат

Ауыр және аса ауыр сипаттағы тұрмыстық қылмыстың саны азайған

"Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы" Заңның қабылданғанына бүгін бір жыл толды. Арнайы Заң қабылданған бір жылда бірқатар өзгерістер болды.

Тұрмыстағы зорлық зомбылыққа қарсы заң былтыр 16 маусымнан бастап күшіне енді. Яғни, Президент 2024 жылы 15 сәуірде қол қойған Әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігі туралы заң былтыр осы күні күшіне енген, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz   Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Заң қабылданған кезде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин аталған құқықтық құжаттағы жаңашылдықтарды толық талдап көрсеткен болатын. Ол аталған заңға қоғамдағы кеселдермен күрес туралы заң деген баға беріп, негізгі үш мәселеге назар аударған еді. 

Бүгін Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында заңға қатысты жазбасымен бөлісіп, заң қабылдау нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері едәуір азайғанын атап өтті. Мемлекеттік хатшы өз парақшасында заңның тиімді тұстарына тоқталып, бір жылдағы негізгі төрт нәтижеге тоқталған:

Сонымен қатар Ерлан Қарин жазаның күшейтілуі мен алдын алу шараларының жаңа тәсілдері өз жемісін берді деген пікір білідіріп, оны нақты мысалдармен толықтырды: