Сәкен Майғазиев бауырларының тосынсыйын көрсетті
Әншінің ұлының үйлену тойында әріптестері музыкалық сый жасады.
Әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойында әріптестері музыкалық тосынсый жасағанын айтты, – деп жазды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Әншінің қуанышында Ернар Айдар, Серік Ибрагимов, Ғазизхан Шекербеков және Әбдіжаппар Әлқожа «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» әнін бірге шырқаған.
Сәкен Майғазиев мұндай тосынсыйды күтпегенін жеткізді.
«Менің алтын бауырларымның сазды тосынсыйы ұнады ма?», – деп жазды әнші.
Айта кетейік, Сәкен Майғазиев өзінің орындауындағы «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» әнін жұбайы Динараға арнаған. Сөзін жазған – ақын Жарас Сәрсек, әнін жазған – сазгер Айгүл Бажанова.