сенбі, 7 маусым, 2025 0:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Аспанда ұшқан белгісіз нышандар елді ойландырып тастады

Аспанда ұшқан белгісіз нышандар елді ойландырып тастады
фото ашық дереккөз
Бұл оқиға кеше кешкілік уақытта болған.

Кеше, 5 маусым күні кешке әлеуметтік желілерде Астана тұрғындары аспанда ұшып бара жатқан белгісіз нысандарды байқағанын жарыса жазуда. Куәгерлердің айтуынша, нысандар жылдам қозғалған және ерекше жарық шығарған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды өтінді.

Қазақстан Республикасы аумағында әуе кеңістігінің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай тиісті қызметтердің толық бақылауында. Халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.Аталған құбылыс атмосфераға еніп жатқан ғарыштық аппараттардың қалдықтарына немесе метеор ағынына ұқсайды. Мұндай нысандар, әдетте, атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетіп, жерге жетпейді. Азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды сұраймыз. Құзырлы органдар бұл құбылысты зерттеп жатыр және қажет болған жағдайда ресми түсініктеме береді, — делінген Қорғаныс министрлігі хабарламасында.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар