
Шерзат ісі: сот үкімі шықты
Абзал Шынасыл – ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі («Адам өлтіру»), 293-бабының 3-бөлігі («Бұзақылық») және 24-бабының 3-бөлігі («Қылмысқа дайындалу және оқталу») бойынша кінәлі деп танылып, жиынтығы 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар осы іске қатысы бар басқа айыпталушылар да лайықты жазасын алды:
Равиль Сакиев – «Бұзақылық» және «Адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылды;
Азамат Тоқтаубаев – «Бұзақылық» және «Ұрлық» баптары бойынша 15 жылға бас бостандығынан айырылды;
Шыңғыс Белғожаев пен Дархан Әскентай – «Бұзақылық» бабымен әрқайсысы 7 жылға сотталды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.