Бес баланың қазасы: құтқарушылар оларды ес-түссіз күйде тапқан
Батыс Қазақстанда жеке тұрғын үйден өрт шыққан.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД 112 пультіне Сырым ауданы Жымпиты ауылында Сағырбаев көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсе салысымен өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жеткен, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Құтқарушылар жеткенде үйде 30 шаршы метр алаңда жеке заттар мен жиһаздар жалындап жанып жатқан.
Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапқан. Өкінішке қарай, балалар ауруханада қайтыс болды.
– Өрт толығымен сөндірілді. Жергілікті жерде БҚО ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеуде. Шақырту орнына ТЖД басшылығы, зерттеу сынақ өрт зертханасы, анықтау бөлімі және ТЖ департаментінің психологі аттанды, – деп мәлімдеді облыстық ТЖД.