Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні!
Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды.
Бүгін елімізде Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран күні.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Ту, Елтаңба және Әнұран мемлекеттік рәміздер.