Әлеумет

Ақнәр Хамит ісі: Ішкі министрі орынбасары өз бақылауына алды

"Бұл істі жеке қадағалап отырмын".

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Ақнәр Хамиттің қайғылы өліміне байланысты қозғалған қылмыстық істі өзінің жеке бақылауына алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, тергеу аясында алынған видеоматериалдарға видеофоноскопиялық сараптама тағайындалған.

Еске сала кетейік, 22 жастағы Ақнәр Хамит 2023 жылдың шілдесінде Алматыдағы Amir тұрғын үй кешенінің жетінші қабатындағы пәтер терезесінен құлап, көз жұмған. Марқұмның анасы Гүлістан Хамит қызының өлімінің жай ғана оқыс оқиға емес екенін айтып, оның таныстары тарапынан азапталғанын мәлімдеген. Ол қызының өз еркімен секіріп кеткені туралы нұсқамен келіспейді.