сенбі, 7 маусым, 2025 20:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Оқудан шығарылған оқушы ісіне қатысты шешім шықты

Оқудан шығарылған  оқушы ісіне қатысты шешім шықты
Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі
Шешім қайта қаралып, тараптар өзара түсіністікке келді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин мұғалімді балағаттаған оқушының ісіне қатысты шешім шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрінің тапсырмасымен күні кеше Алматы қаласына Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы шұғыл түрде іссапармен барған. Ол «НЗМ» ДББҰ басқарма төрағасымен, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аумақтық департаментінің өкілдерімен, өңірлік Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып, мектеп ұжымымен, оқушының ата-анасымен және өзімен кездескен.

Кездесу барысында бұған дейін қабылданған шешім қайта қаралып, тараптар өзара түсіністікке келді. Назарбаев Зияткерлік мектебі өз шешімін өзгертпейді, оқушы мектептен шығарылып, мемлекеттік жалпы білім беретін мектепке ауыстырылды. Оқушының ата-анасы тарапынан ешқандай қарсылық жоқ. Назарбаев Зияткерлік мектептері шәкірттерге әрдайым құрметпен қарап, қолдау көрсетуді және өзара сыйластыққа негізделген сындарлы қарым-қатынасты басты қағида ретінде ұстанады. Дегенмен, мұғалімдерге құрметпен қарау – мектеп үшін өзгермейтін және қатаң сақталатын талап. Қоғамның бұл мәселеге бейжай қарамай, белсенділік танытқанына алғыс білдіремін. Біз кері байланысты және ашық диалогты жоғары бағалаймыз, – дейді Әнуар Жанғозин. 

Айта кетейік, осыған дейін Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушы емтиханға телефонмен кіріп, мұғалімді боқтағаны хабарланған болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар