жексенбі, 11 мамыр, 2025 3:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Үлы дала жорығы" басталды

"Үлы дала жорығы" басталды
фото ашық дереккөз
Тарихи дода ұлттық рух пен рухани тұтастықты дәріптеп, елдің бірлігін айшықтайтын айтулы шараға айналды.

Тарихи дода ұлттық рух пен рухани тұтастықты дәріптеп, елдің бірлігін айшықтайтын айтулы шараға айналды.
Салтанатты рәсім Бақанас тасжолының бойында ұйымдастырылып, ресми қонақтардың көрмені аралауынан басталды. Одан кейін қатысушы командалар шеру тартып, көпшілік Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарды үнсіз еске алды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалып, рухты асқақтатқан сәт елдік пен бірліктің белгісіндей әсер қалдырды.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөзінде бұл бәйгенің ел ішіндегі және халықаралық деңгейдегі маңызына тоқталып, атқа міну мәдениеті — қазақ халқының болмысын танытатын құндылық екенін атап өтті.

«Ұлы дала жорығы» – бұл тек жарыс емес, ол – ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын, ұлттық мұрамызды жаңғыртатын үлкен алаң. Бұл бәйге арқылы біз мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді насихаттап қана қоймай, ел мен ел, жер мен жер арасындағы байланысты нығайтамыз, – деді облыс әкімі.
Салтанатты рәсімде сондай-ақ «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек сөз алып марафонның маңыздылығын атап өтті:
«Ұлттық спортты дамыту мен мәдени мұрамызды насихаттау мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үнемі назарында. «Ұлы дала жорығы» — Ұлы дала көшпенділер өркениетінің дәстүрлерін лайықты жалғастырып, түрлі елдердің спортшыларын біріктіретін айтулы жоба. Бұл марафон арқылы әлемге біздің бай тарихи мұрамызды, ұлттық рухымыз бен қонақжайлығымызды керсетеміз.«Amanat» партиясы әрдайым осындай ұлттық спорт түрлерін ілгерілетуге халықаралық байланыстарды нығайтуға және мәдени туризмді дамытуға бағытталған жобаларды колдайды және қолдай бермек» — деді ол. 
ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «JORYQ» федерациясының Құрметті президенті Дархан Қыдырәлі жорықтың тарихи маңыздылығына кеңінен тоқталып өтті. 
Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Еркебұлан Ильясов өз сөзінде «Ұлы дала жорығы» жай ғана жарыс емес. Бұл- батыр бабаларымыздың ізімен, ел мен жердің тарихын сезініп, ұлттық болмысымызды жаңғыртатын қасиетті сапар. Бұл — төзімділік пен табандылықтың, рухпен жүректің сынға түсетін кезеңі, - деп атап өтті. 
«JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қазақстанның халық әртісі, белгілі актер және режиссер Досхан Жолжақсыновтың берген батасы – шараның рухани шарықтау шегі болды.

Биылғы марафонға еліміздің 13 өңірінен және 6 шет мемлекеттің (Оңтүстік Африка, Қырғызстан, Мажарстан, Иран, Ресей Федерациясы, (Татарстан) өкілдерінен құралған командалар қатысып жатыр. Олар алдағы бес күнде 500 шақырымды еңсеріп, төзім мен шеберлікті сынайды.
Шара соңында «Сүйінбай сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі ұлттық өнерімізді паш еткен концерттік бағдарлама ұсынды.
«Ұлы дала жорығы» — бұл ел рухын асқақтатып, ұлттық болмысты ұлықтайтын ұлы сапар. Марафон-бәйге арқылы жас буын жылқыға мінуді, табиғатты сүйе білуді, ата-баба аманатын қадірлеуді үйренеді. Бұл – ұлттық спорт пен этнотуризмнің дамуына серпін беретін, ел абыройын асыратын ерекше жоба.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар