сейсенбі, 6 мамыр, 2025 15:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ұлттық қорға 855 млрд теңге түсіп, 2 трлн теңге алынған

Ұлттық қорға 855 млрд теңге түсіп, 2 трлн теңге алынған
фото Егемен Қазақстан
Бұл бір жыл ішіндегі көрсеткіш.

Ал, жыл басында бұл көрсеткіш 33,06 трлн теңге болатын.

Осылайша, 4 айда Ұлттық қор 1,16 трлн теңгеге немесе 3,5%-ға қысқарды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  inbusiness.kz сайтына  сілтеме жасап.

4 айда Ұлттық қордан бюджетке кепілдендірілген трансфертке 1,6 трлн теңге жұмсалды. Тағы 400 млрд теңгесі мақсатты трансфертке, 13,3 млрд теңгесі қорды басқару мен аудитке жұмсалды.

Жалпы, жыл басынан бері Ұлттық қордың шығыны 2,01 трлн теңгені құрады.

"Осы уақытта қорға 854,9 млрд теңге түсті. Бұл қаражаттың 98,7%-ы немесе 843,6 млрд теңгесі мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салық. Оның ішінде корпоративтік табыс салығы – 429 млрд теңге немесе Ұлттық қорға түскен салықтың жалпы сомасының 50,9%-ы. Тағы 234,8 млрд теңге немесе 27,8% жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлудегі қазақстандық үлеске тиесілі. 2024 жылы Ұлттық қор небәрі 3,2 трлн теңгеге өсті. Егер 2024 жылдың басында Ұлттық қордың көлемі 29,8 трлн теңге болса, соңында 33 трлн теңге болды. Жыл ішінде қордың кірісі 8,82 трлн теңгеге жетіп, 5,62 трлн теңгесі алынды", – делінген Қаржы министрлігі таратқан хабарламада.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар