Бурак Өзчивит қазақ баласының тұсауын кесті
Бұл туралы бүлдіршіннің әкесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Әлемге әйгілі түрік актері Бурак Өзчивит Алматы қаласында қазақ баласының тұсауын кесті.
Бүлдіршіннің әкесі Қуаныш Шынтеміров әлеуметтік желідегі парақшасында рәсімнен естелік суреттер жариялап, танымал актерға алғысын білдірді.
«Қазақтың керемет дәстүрі – «Тұсау кесу дәстүрі»! @burakozcivit Рахмет!
Tusau kesu dasturi @burakozcivit Teşekkürler!», - деп жазды ол.