Димаш Құдайберген Дубайда DIAFA жүлдесінің иегері атанды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Әнші Instagram-дағы парақшасында ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
«DIAFA-ға өнерге қосқан үлес үшін берген сыйлыққа рахмет. Рахмет, Дубай, рахмет, DIAFA», – деп жазды Димаш Құдайберген.
Айта кетейік, DIAFA (Distinctive International Arab Festivals Awards) – Дубайда жыл сайын өткізілетін халықаралық премия. Ол өнер, мәдениет, бизнес және гуманитарлық жұмыстарға қосқан үлестері үшін әртүрлі елдердің көрнекті тұлғаларын атап өтеді. Лауреаттар жетістіктері мен халықаралық сахнадағы ықпалы үшін таңдалады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
"Қазақфильм" мен Ұлттық киноны қолдау орталығы бірігеді – министр
- авторОймақ
- 12 қыркүйек, 2026
«Қорқыныш пен уайым көбейді»: Төреғалидің әйелі жетінші жүктілігі туралы айтты
- авторОймақ
- 11 қыркүйек, 2026






